20 наурыз 2020 09:30

Қазақстандықтар қандай аурулардан жиі қайтыс болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: elements.envato.com Сурет: elements.envato.com

Қазақстандықтар қандай аурулардан жиі қайтыс болатыны белгілі болды. Tengrinews.kz тілшісінің сауалына Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті жауап берді. 


Қазақстандықтар қандай аурулардан жиі қайтыс болатыны белгілі болды. Tengrinews.kz тілшісінің сауалына Қазақстанның қоғамдық денсаулық сақтау саясаты департаменті жауап берді. 

Қазақстанда ең көп өлім қан айналымы жүйесі ауруларынан болады. 2019 жылдың қорытындысы бойынша, 30 360 адам миокард инфаркті және инсульттен қайтыс болған.

Кейінгі орында тыныс алу органдарының аурулары тұр, 16 306 адам қаза тапқан. Оның ішіне пневмония мен туберкулезден басқа ондаған түрлі ауру кіреді.

Үшінші орында - қатерлі ісік. Бұл ауру 2019 жылы 14 696 қазақстандықтың өмірін қиды.

Күтпеген қайғылы оқиғалардан да өлім көп тіркеледі. Оған жарақаттар немесе улануды жатқызуға болады. 12 081 адам қайтыс болған. 

Қауіпті аурулардың бестігіне тұмау, ЖРВИ және пневмония кіреді. Қазақстанда 4164 адам 2019 жылы инфекция шабуылына төтеп бере алмаған.  

Еске салайық, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы коронавирус пен тұмаудан болатын өлім-жітім деңгейін салыстырған болатын. COVID-2019 тіркелген оқиғаларының шамамен 3,4 пайызы, ал маусымдық тұмаудан бір пайыздан азы өліммен аяқталады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети