07 желтоқсан 2017 10:57

Қазақстандықтар құмар ойындарды аз ойнайтын болған - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

© unsplash.com © unsplash.com

Қазақстандықтар құмар ойындарды аз ойнайтын болған. Ойын бизнесінің өкілдері қызмет көрсету көлемінің азайғанын айтып отыр, - деп жазады Energyprom.kz сарапшылары.


Қазақстандықтар құмар ойындарды аз ойнайтын болған. Ойын бизнесінің өкілдері қызмет көрсету көлемінің азайғанын айтып отыр, - деп жазады Energyprom.kz сарапшылары.

Мамандардың мәліметінше, Қазақстанда осымен екінші жыл құмар ойындармен айналысатын кәсіпкерлер мен кәсіпкерліктен келетін табыс былтырмен салыстырғанда 20,3 пайызға азайған. Ал 2016 жылы ойын бизнесі секторындағы қызмет көрсетуі көлемі 2015 жылға қарағанда 37 пайызға дейін азайған.

"Ойын бизнесі нарығы тоқырап жатыр. Ол 2015 жылдың өзінде-ақ құлдыраған еді", - деп атап өтті сарапшылар.

Мамандардың зерттеуіне қарағанда, биыл ойын бизнесі жалпы сомасы 12,1 миллиард теңгеге қызмет көрсеткен. Бірақ бұл көрсеткіш 2016 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы көрсеткіштен 14,1 пайызға аз.

Дегенмен, сарапшылар нарықта ойын бизнесі белсенділігінің төмендеуіне қарамастан бизнес өкілдері қажетті салықты төлеп жатқанын айтады. "Осы жылдың 10 айдағы қорытындысы бойынша еліміздегі ойын бизнесінен 9 миллиард теңге салық түсті. Бұл былтырмен салыстырғанда 13,5 пайызға көп", - деді Energyprom.kz сарапшылары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети