Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Қазақстандықтар ІІМ басшысынан Бота Жұманованың ісін жеке бақылауға алуды сұрады

12 Қазан 2015, 11:41
0
Бота Жұманова. © Facebook
Бота Жұманова. © Facebook

Қазақстандықтар ІІМ министрі Қалмұханбет Қасымовтан Бота Жұманованың ісін жеке бақылауына алуды сұрады. Facebook әлеуметтік желісінде бұл туралы қол жинау жөнінде хабарлама тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Достар! Шұғыл түрде қол жинаймыз! 1 күн! ІІМ басшысы Қалмұханбет Қасымовтан Ботагөз Жұманованың қылмыстық ісін жеке бақылауына алуды сұраймыз! Қолды былайша жинаймыз: Аты-жөн, қызмет, қала. Толық еместері қорытынды құжатта ескерілмейді. Рақмет! РЕПОСТ жасаймыз!", - деп жазды әлеуметтік желіде Бақытжан Төреғожина.

"Министр мырза! 2015 жылы 8 қазанда, кешке өз үйінің маңында журналист әрі блогер Ботагөз Жұманова соққыға жығылды. Қазіргі таңда Ботагөз мидың шайқалуы, мұрынның сынуы және көптеген жарақаттармен №7 аурухананың нейрохирургия бөлімінде жатыр. Бұл шабуылдың кәсіби қызметпен байланысы болуы мүмкін. Ботагөз Жұманова белгілі журналист әрі блогер, ол қаржы тақырыбында жазады. Ол сонымен қатар, банк секторының тәуелсіз сарапшысы. Журналист бірнеше рет бопсаланған. Ботагөздің сыбайластық схемасындағы белсенді ымырасыз позициялары баршаға аян", - делінген үндеуде.

Сонымен қатар, үндеуде Ботагөздің ел экономикасындағы проблемаларды жазып, бюджет қаржысының жымқырылуы мүмкін ірі мемлекеттік жобаларды сынға алған. "Ол зейнетақы қаржысының қай жерде "айналып жатқанын" анықтады. Соққыға жығылардың алдында, соңғы кездері ол мемлекеттік-жеке серіктестік саласындағы жемқорлықты зерттеумен айналысты. Біздің ойымызша, журналистің мұндай позициясы сынға алынғандардың наразылығын тудыруы мүмкін", - делінген үндеуде.

"Қауіпсіздік мәселелері бойынша коалиция бұл жағдайға алаңдап, Сізден осы қылмыстық істің тергеуін жеке бақылауға алуды сұрайды және қылмыскер ұсталса, жауапкершілікке тартылады деп үміттенеді", - деп аяқталған хат.

Үндеуге құқыққорғаушы Анар Ыбраева, үндеудің авторы Бақытжан Төреғожина мен Розлана Таукина қол қойды. Бұл жазбаға 20-дан аса адам пікір қалдырды, олардың арасында журналистер, экономистер мен құқық қорғау ұйымдарының өкілдері бар.

Еске сала кетейік, Алматыда журналист Ботагөз Жұмановаға жасалған шабуылдың видеосы жарияланған болатын. Оқиға 8 қазан күні кешке болған. Видеодан бір жігіттің журналист қыздың соңынан ілесіп келіп, бірер секундтан кейін оны соққыға жығып, ұрып, тепкінің астына алып, қашып кеткенін көруге болады. 

Оқиғадан кейін бір күн өткенде соққыға жығылған журналист Бота Жұманова өзінің жағдайы жайлы айтып берді. Сонымен қатар, Алматыда журналист қызға шабуыл жасаған адам жайлы мәлімет берген адамға кәсіпкер Ерлан Нұрпейісов сыйақы жариялады. Бұл туралы кәсіпкер Facebook желісіндегі өз парақшасында жария етті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай