14 желтоқсан 2021 12:25

Қазақстандықтар Pfizer вакцинасының екі дозасын ақылы түрде ала алады - Цой

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Қазақстанға Comirnaty (Pfizer) вакцинасы келгенде, азаматтар ревакцинация үшін бір дозаны, вакцинация үшін екі дозаны сатып ала алады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мүмкіндік болады. Ақылы вакциналар жеткізілгенде, тұрғынның шешімі бойынша, бір немесе екі доза вакцина алуына мүмкіндік береміз", - деді Цой Үкімет отырысынан кейін журналистер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, вакцинациядан өткендерге ДДСҰ мен Денсаулық сақтау министрлігі дәрінің бір дозасын ғана алуды ұсынады.

"Ол әр адамның шешіміне байланысты. Қазір Денсаулық сақтау министрлігінің талаптары мен халықаралық ұсынымдар аясында ревакцинация үшін вакцинаның бір дозасын алу ұсынылады. Азаматтар қаласа,(толық курсты алуды - ескерт.) өз қалауы бойынша", - деді Алексей Цой.

Екі жағдайда да вакцинация төлқұжатында адамның Pfizer вакцинасының бір немесе екі дозасын алғаны көрсетіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети