Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстандықтар шекарадағы кезекке байланысты төрт күннен бері елге кіре алмай жүр 28 қыркүйек 2022, 08:08

Шекарадағы кептеліс салдарынан Ресейден келген қазақтар үйлеріне қайта алмай жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
  • WhatsApp
  • Қате таптыңыз ба?

Қазақстандықтар шекарадағы кезекке байланысты төрт күннен бері елге кіре алмай жүр Қазақстандықтар шекарадағы кезекке байланысты төрт күннен бері елге кіре алмай жүр

Шекарадағы кептеліс салдарынан Ресейден келген қазақтар үйлеріне қайта алмай жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Ресей Федерациясында мобилизация басталғаннан кейін шекарада кезек көбейген. Мыңдаған ресейліктер елден кетіп жатыр. Олардың көпшілігі Батыс Қазақстан облысындағы шекара бекетіне келген. Орал қаласының тұрғыны Александр отбасымен шекарада төртінші күн тұрғанын айтады.

"24 қыркүйекте "Маштаково" өткізу бекетінде кезекке тұрдық. Екі күннен бері кезек қозғалмайды. Тек жүк көліктері жүреді. Қазақстандықтардың барлығы елге кіре алмай отыр. Біз көппіз. Барлығымыз жиналып, қалаға бардық. Шекарашылар мәселені шешіп жатқан жоқ", - деп шағымданады Орал тұрғыны.

Александрдың айтуынша, қиындық туғызып жатқан такси жүргізушілері. Олар адамдарды шекарадан өткізіп, саптың соңына емес, қай жерден кеткен болса, сол жерге қайтады. Ал олардың орнын әріптестері "кезек ұстап" отыр. Александр такси жүргізушілері шекарадан өткені үшін бір адамнан 6-7 мың рубль (шамамен 57 мың теңге) алатынын айтады.

Сондай-ақ, кезекте тұрған қазақстандықтардың азығы таусылуға таяғанын, жергілікті кәсіпкерлер де тауар бағасын бірнеше есе қымбаттатқанын айтып шағымданды. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Join Telegram