Қазақстандықтар тұзды көп тұтынады - ДДСҰ

21 Ақпан, 12:46
0
Қазақстандықтар тұзды көп тұтынады - ДДСҰ - © фото: pexels.com
© фото: pexels.com

Қазақстандықтар бір күнде 20 грамм тұз тұтынады екен, ал күндік норма - 5 грамм. Бұл туралы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Қазақстандағы өкілі Олег Честнов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілішсі.

"Қазақстанда тұз өте көп. Еуропада тұз тұтыну бойынша сіздер бірінші орындасыздар - 20 граммға дейін. Қытайлықтар да дәл сондай мөлшерде қолданады. Бірақ қытайлықтар Азияда ораналасқан. Сіздер Еуропада. Тұз мәселесін шешу жолын ойлану керек", - деді Честнов Халық денсаулығы кодексіне түзету енгізу жобасын жария түрде талқылау барысында.

Оның айтуынша, адамға күніне ең азы 2 грамм тұз тұтыну керек, ең көбі 5 грамм.

"Мен тұздалған етті ұнатамын, жылқының етін бұрын жемедім, бірақ қазір жеймін. Мен еттің тұтас бөлігін жемеймін. Мен тұзды тағамды өте аз жеймін. Тұзсыз өмір сүру қиын, бірақ оны тұтынуда бақылау керек. Сіздерге бір қап тұзды бір жыл тұтыну керек, сонда төрт келі тұтынасыздар, келесі жылы екі келі тұтыныңыздар. Тәуелділіктен құтылудың оңай тәсілдерін іздеу керек. Батыста сорпа ішпейді, себебі оның тұзы көп", - деді Олег Честнов.

Ол тұзды тұтынуды азайтудың маңызды екенін айтты. "Кодексте тұз тұтыну шамадан тыс және оның зиян екенін жазуға болмас па екен?", - деді ұйымның Қазақстандағы басшысы. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай