03 сәуір 2014 13:25

Қазақстандықтар Украинада әскери білім алуды жалғастыра бермек

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.ua ©Vesti.ua

Қазақстанның әскери қызметкерлері Украинаның жоғарғы әскери оқу орындарында оқуды жалғастыруға ниет білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Қазақстанның әскери қызметкерлері Украинаның жоғарғы әскери оқу орындарында оқуды жалғастыруға ниет білдірді деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігінің Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына қайтарған жауабында бүгінде Украинаның әскери оқу орындарында Қарулы күштеріміздің 26 қызметшісінің білім алып жатқаны айтылған: Киевтегі Украина қорғаныс ұлттық университетінде - 4 офицер-тыңдаушы, Житомир әскери институтында - 22 курсант.

25-30 наурыз аралығында ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілі Украина қорғаныс министрлігінің аталған оқу орындарына жұмыс сапарымен барған. "Тұтас алғанда, офицер-тыңдаушылар мен курсанттардың моральдық-психологиялық жай-күйі жоғары деңгейде. ҚР Қарулы күштерінің әскери қызметшілері оқуды жалғастыруға ниет білдіріп отыр және олардың қауіпсіздігіне ешқандай нұқсан келіп тұрған жоқ. Аталған жоғарғы оқу орындарының жетекшілері олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі барлық шараларды қолға алған", - делінген министрліктің жауабында.

Айта кетейік, Украинада Қазақстан Қарулы күштеріне әскери мамандарды даярлау екі ел қорғаныс министрліктері арасында 1995 жылдың 21 қыркүйегінде жасалған әскери білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес іске асырылады.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети