Қазақстандықтардың есепшоттары қандай жағдайда бұғатталады? Министрлік жауабы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото:depositphotos.com Фото:depositphotos.com

Қазақстанның қаржы вице-министрі Ержан Біржановқа қазақстандықтардың есепшоттары қандай жағдайда бұғатталатыны туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның қаржы вице-министрі Ержан Біржановқа қазақстандықтардың есепшоттары қандай жағдайда бұғатталатыны туралы сұрақ қойылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, жаңа Салық кодексі аясында қарыз сомалары бойынша сараланған тәсіл қолданылады.

"Егер қарыздың бірінші сомасы 20 МРП-ға (2025 жылы 78 640 теңге) дейін болса, біз тек хабарлама жібереміз. Ал үлкен сомаларға келгенде, тек солардың есепшоттарын жабу шаралары қолданылады. Салықтардан бөлек, әлеуметтік төлемдер де бар: зейнетақы, әлеуметтік және медициналық жарналар", - деп түсіндірді вице-министр.

Биржановтың айтуынша, қазақстандық кәсіпкерлердің есепшоттары аз сомадағы қарыздар үшін жабылмайтын болады.

"1-10 теңге көлеміндегі қарыз үшін есепшоттарды жабуы мүмкін. Бірақ біз әлеуметтік блокпен осы мәселені қарап шықтық және бұл шек те ұлғайтылатын болады, яғни 1000 теңге қарыз үшін есепшоттар бұғатталмайды. Біз бұл шкалаларды көтеріп жатырмыз, көбірек көмек көрсетіп, не төлеу керектігін түсіндіреміз. Бізге де ұсақ сома үшін есепшоттарды жабу ыңғайлы емес. Бірақ салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша жалпы бақылауды жүргізуге міндеттіміз", - деп түйіндеді ол.

Қазақстанда бұған дейін 68 мыңнан астам салық төлеушінің есепшоты декларациялау мерзімдерін бұзу себепті жабылған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 496.04  course up  517.04  course up  5.48  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer