13 мамыр 2014 21:30

Қазақстандықтардың шетелде машықтануын Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы ұйымдастыратын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото©Ярослав Радловский Фото©Ярослав Радловский

Кәсіпкерлердің ұлттық палатасы және "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ  кандидаттарды АҚШ-тың, Германияның, Кореяның және басқа да елдердің жетекші кәсіпорындарында машықтануға жіберуге бағытталған бағдарлама жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Palata.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Ұйымдастырушылардың ақпараттарына сүйенсек, шетелге сынақтан өтуге энергетика, құрылыс, медиасфера, медицина, ауыл шаруашылығы, экономика салаларының мамандары жіберіледі. 

Үміткерлердің кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесі болуы керек. Осы мерзімнің ішінде бір жыл көлемінде ізденуші инженерлік-техникалық жұмысшы ретінде орта буынды бөлімде басшылық қызмет еткені жөн. 

"Болашақ" бағдарламасы бойынша шетелде машықтанып келу үшін қажетті құжаттардан бөлек кандидаттардың жұмыс берушісі орнын сақтай отырып, оның шетелден тәжірибе жинақтап келуіне өтініш беруі тиіс, ал қабылдаушы жақ шақырту беруі керек. 

Ізденушілер шет тілінен және мемлекеттік тілден тест тапсырады. Сондай-ақ олар тәуелсіз сарапшылар комиссиясы мүшелерінің Қазақстан Конституциясы, мемлекеттік рәміздері, Қазақстан тарихы бойынша қойған сұрақтарына жауап береді. Үміткердің шетелде тәжірибеден өтетін, өтпейтіні туралы соңғы шешімді шетелде кадрлар дайындау жөніндегі республикалық комиссия шешеді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети