28 желтоқсан 2020 14:48

Қазақстандықтарға карантин ережелерін бұзғаны үшін 1,1 миллиард теңге айыппұл салынған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтарға карантин ережелерін бұзғаны үшін 1,1 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтарға карантин ережелерін бұзғаны үшін 1,1 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынған. Бұл туралы Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шароновтың айтуынша, 17 тамыздан бастап 60 375 рейд жүргізілген, 267 866 нысан қамтылған, оның ішінде 20 504 нысан ереже бұзғаны анықталған, 19 406 әкімшілік айыппұл салынған.

Оның сөзінше, ереже бұзушылардың басым бөлігі Түркістан облысында (3603) анықталған, Алматы облысында - 3235, Қостанай облысында - 1826, Шығыс Қазақстан облысында-1716, Алматыда - 1708 және Нұр - Сұлтанда - 1471.

Нысандардағы жиі бұзылатын ережелер: карантин кезеңінде қызметіне тыйым салынған объектілердің жұмыс істеуі, шектеу режимін сақтамау, бұқаралық іс-шаралар өткізу.

"Эпидемияға қарсы шаралар, шектеу шараларын сақтау талаптары тұрғысынан анықталған заңнаманы бұзғаны үшін көрсетілген мерзімде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабы бойынша 11 285 тұлғаға 1,1 миллиард теңгеден аса сомаға әкімшілік айыппұл салынды.

Жеке тұлғаларға 296,3 миллион теңге сомасына 6912 әкімшілік айыппұл салынды, олардың басым бөлігі қоғамдық орындардағы жабық ғимараттарда, көліктерде маска режимін бұзғаны үшін", - деді Шоранов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети