21 ақпан 2024 17:21

Қазақстандықтарға тағы да 45 градусқа дейін аяз болатыны ескертілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстандықтарға тағы да 45 градусқа дейін аяз болатыны туралы ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандықтарға тағы да 45 градусқа дейін аяз болатыны туралы ескерту жасалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазгидромет" синоптиктері 22 ақпанға арналған Қазақстандағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстары туралы болжамды жариялады.

Болжам бойынша Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады, тек республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтал бөліктерге байланысты жауын-шашын сақталады, негізінен қар, көктайғақ, бұрқасын түрінде. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында – жел күшейеді, оңтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында – тұман.

"Қарағанды ​​облысының шығысында - 40 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында 45 градус, Абай облысында 35-40 градус, Жетісу облысының таулы аймақтарында 27 градус аяз сақталады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети