Қазақстанға жымқырылған 40 миллиард теңге қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанға жымқырылған 40 миллиард теңге қайтарылды Фото:depositphotos.com

Биыл Қазақстанға 40 миллиард теңгенің заңсыз шығарылған активтері қайтарылды. Бұл туралы ведомствоның бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша өткен алқаның кеңейтілген отырысында Бас прокурор Берік Асылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Берік Асылов активтерді қайтару және оларды заңды экономикалық айналымға тарту жөніндегі жұмыстарға жеке тоқталды.

"Биыл мемлекеттен заңсыз шығарылған активтердің 40 миллиард теңгесі қайтарылды (оның ішінде 37,7 миллиард теңге ақшалай қаражат, 2,3 миллиард теңге көлеміндегі мүлік)", - деп хабарлады Бас прокуратура.

Арнаулы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен 39 әлеуметтік нысан пайдалануға берілді: Ақтау қаласындағы жедел медициналық жәрдем станциясы, Шымкент қаласындағы студенттер жатақханасы, Астана қаласындағы Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы футбол стадионы, Балқаш қаласы әуежайын реконструкциялау және басқа да нысандар бар.

Бұған дейін мемлекетке бұрынғы министр Мұхамедиұлына қатысты 1,3 миллиард теңгенің активі қайтарылды. Сөз бұрын экс-шенеунікке қатысы бар компанияның заңсыз иелігінде болған "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС-нің 100 пайыздық үлесі туралы болып отыр.

Читайте также

Валюта бағамы

 486.89   552.33   6.51 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +23
Астана +27
Ақтау +26
Ақтөбе +26
Атырау +31
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +25
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +26
Қ
Қостанай +32
Қызылорда +29
П
Павлодар +23
Петропавл +31
С
Семей +28
Т
Талдықорған +25
Тараз +30
Түркістан +25
О
Орал +29
Ө
Өскемен +28
Ш
Шымкент +27

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер