Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанға келген Гуантанамоның бұрынғы тұтқындарының қайда екені жария етілмейді

05 Қаңтар 2015, 15:55
6

Гуантанамоның Қазақстанға әкелінген тұтқындарының қайда екені жайлы ақпарат құпия сақталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі 2009 жылы шыққан "Қашқындар туралы" заңның 4-бабының 3-тармағына сүйене отырып, 2014 жылы 31 желтоқсанда Тунис пен Йемен мемлекеттерінің елімізге келген 5 азаматының қайда отырғаны туралы сұраққа жауап беруден бас тартты. Бұл заңда пана іздеушілер мен босқындардың жеке өмірі туралы ақпараттың құпия сақталатыны айтылған.

Шетел азаматтарының неліктен дәл Қазақстанға пана іздеп келгендігі туралы сұраққа жауап берген ҚР СІМ баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов "Бұл олардың жеке таңдауы болды" деп мәлімдеді. Мұнымен қатар, ол Гуантанамо тұтқындарының Қазақстан билігінен бірінші рет пана сұрағанын айтты. 

Айта кетейік, заңда босқын мәртебесін уәкілетті органдар тиісті өтініш тіркелгеннен кейін үш ай ішінде беретіні жазылған. Сонымен қатар, шешім шығаруға қосымша тексеріс жүргізу талап етілсе, нақты шешім бір жылдан аспайтын уақытқа ұзартылатыны туралы ескертілген.   

Қазақстан заңнамасына сәйкес, босқын мәртебесі бір жылға беріледі. Қазақстан билігі бұл мәртебені беруден мына жағдайларда бас тарта алады: егер осы тұлғаға қатысты лаңкестік, экстремистік, сонымен бірге елде жұмыс істейтін немесе келген елінде жұмыс істейтін заңсыз діни ұйымдарға қатысса; егер бұл тұлға бейбітшілікке қарсы қылмыс жасаса, әскери қылмыс немесе адамзатқа қарсы қылмыс жасаса.

Бұған дейін ақпарат құралдары Пентагонға сілтеме жасай отырып, Американың Гуантанамо түрмесінде 11 жылдан артық уақыт жаза өтеген бес адамның Қазақстанға жіберілгенін хабарлаған еді. ҚР Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, осы жылдың 31 желтоқсаны күні Қазақстанға пана іздеген бес адам келді. Мұның алдында АҚШ үкіметі оларды жасаған қылмыстары бойынша айып тағуға дәлелдердің жеткіліксіз болуына байланысты Гуантанамо базасынан босатқан.

"Қазақстан Республикасы жеке өтініштері және БҰҰ босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссары басқармасының тиісті сұранымы негізінде және халықаралық міндеттемелерге, соның ішінде, 1951 жылы қабылданған Босқындар туралы конвенцияға сәйкес, сонымен бірге гуманистік тұрғыдан аталған адамдарды қабылдауға келісті", - делінген баспасөз парағында.

Бұл адамдарға пана іздеушілер деген мәртебе берілгені хабарланған болатын. Оларды босқындар деп тану туралы шешім қабылданған жоқ және ол мәселені ҚР Ішкі істер министрлігі қарастыратын болады. Аталған азаматтардың Қазақстан аумағына келуімен және бұдан кейінгі тұруымен байланысты шығындар халықаралық құқық қорғау ұйымдары қаражаты есебінен өтеледі. Қазақстанға келгендер - Йеменнің үш азаматы (Асим Табит Абдулла әл-Халаки, Мұхаммед Әли Хусайн Ханаян, Сабри Мұхаммад Ибрахим әл-Кураши) және Тунистің екі азаматы (Адел әл-Накиими мен Абдулла Бин Әли әл-Люфти).

Айта кетейік, Қазақстан ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2014 жылға дейін 589 босқын немесе құқықтық және әлеуметтік, сонымен бірге қорғау ұсынылатын 131 отбасы тұрып келген. Олардың көбі - 556 адам - Ауғанстаннан келгендер. Мұнымен қатар, ІІМ өкілдері бұл кезеңде Алматы, Астана қалалары және облыстардағы ІІД көші-қон полициясының басқармасына босқын мәртебесін беру туралы өтінішті Украинаның 37 азаматы жазды.


Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (6)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай