1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанға коронавируспен күрес үшін қай елдер көмектесті? 26 сәуір 2021, 13:45

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантин енгізілген сәттен бастап елге дәрілік заттар мен медицина бұйымдары түріндегі
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына байланысты карантин енгізілген сәттен бастап елге дәрілік заттар мен медицина бұйымдары түріндегі гуманитарлық көмек келіп жатыр. Вице-министр Әсем Нүсіпова Қазақстан қай елдерден гуманитарлық көмек алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл тізімге Қытай, Жапония, Түркия, Үндістан, Пәкістан, Катар, БАӘ, Өзбекстан, Украина, Ресей, Германия, Моңғолия, сондай-ақ бірқатар отандық және шетелдік компания кіреді.

Вице-министр гуманитарлық көмекті бөлу және жөнелту ашықтығын қамтамасыз ету үшін өзекті ақпарат Бірыңғай дистрибьютор сайтында "Халықтық бақылау" бөлімінде күн сайын жаңартылып тұратынын айтты.

"2020 жылдың наурыз-желтоқсан аралығында Қазақстанға 14 елден (Қытай, Түркия, Словения, Жапония, Польша, Сингапур, Украина, Германия, Үндістан, Израиль, Сингапур, АҚШ, Корея, Венгрия) үш миллион медицина бұйымы және 600 мыңнан аса дәрілік зат түрінде гуманитарлық көмек келді.

20 елдің үкіметтері (Түркия, Қытай, Жапония, БАӘ, Катар, Үндістан, АҚШ, Пәкістан, Өзбекстан, Ресей, Германия, Чехия, Грузия, Израиль, Корея, Сербия, Моңғолия, Швеция, Португалия, Украина) 10 миллионнан аса медицина бұйымы мен 100 мыңнан аса дәрілік зат түрінде көмек көрсетті", - деді Әсем Нүсіпова.

ЮНИСЕФ, ДДҰ, Халықаралық ынтымақтастық қоры 25 мың медицина бұйымы және 300 мыңнан аса дәрілік зат түрінде көмек көрсеткен.

"Барлығы 800 мыңнан аса дәрілік заттар мен 18,5 миллион медицина бұйымы көлемінде гуманитарлық көмек алынды, оның ішінде 218 жасанды тыныс алу аппараты, 18-ден аса елден 537 оттегі концентраторы келді", - деді ол.

Қазақстан мен Азия даму банкі арасында қол қойылған грант туралы келісім аясында аз қамтылған отбасыларды дәрі-дәрмектер мен бастапқы медицина құралдары бар дәрі қобдишаларымен қамтамасыз етуге үш миллион доллар сомасына грант тартылған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Firebase Cloud Messaging