28 желтоқсан 2021 10:31

Қазақстанға ревакцинация үшін "Спутник Лайт" қашан жеткізіледі? ДСМ жауабы

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©РИА Новости Фото ©РИА Новости

2022 жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға ревакцинацияға "Спутник Лайт" вакцинасының миллион дозасы жеткізіледі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің басшысы Айжан Есмағамбетова айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жеткізушілермен күн сайын келіссөз жүргізіледі. (...) "Спутник Лайт" бойынша алдын ала келіссөз жүргізілді. Әзірге 2022 жылдың бірінші тоқсанында бір миллионға жуық доза жеткізіледі. (...) Желтоқсанның аяғы - қаңтардың басы - алғашқы 150 мың доза. Жеткізу туралы келісім бар", - деді Есмағамбетова Үкімет отырысы алдында.

Бұған дейін бұрынғы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "Спутник V" ревакцинацияға жарамсыз деп түсіндірген болатын. Өйткені оның құрамында екі түрлі компонент бар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети