24 мамыр 2023 17:00

Қазақстанға шетелдік компаниялардың қанша қарызы бар?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Бас прокуратура шетелдік компаниялар Қазақстанға қанша миллиард қарыз екені туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Бас прокуратура шетелдік компаниялар Қазақстанға қанша миллиард қарыз екені туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас прокурор Берік Асылов Мәжіліс депутаттарының инвестиция тарту бойынша шаралар қабылдау мәселесіне қатысты сауалына берген жауабында, Қазақстанда заңды тұлға болып құрылған компаниялардың схемасын пайдаланып, үшінші елдің адамдары салық төлеуден жалтарып, қаражатты көлеңкелі айналымға шығарғаны, жалған шот-фактураларды бергені үшін жазаланатынын айтты.

"Іскерлік иммиграциялық визасы жоқ кәсіпорындардың қызметін іріктеп талдау нәтижесінде 198 компанияның 4,1 миллиард теңгеге салық берешегі анықталды, 1,5 мыңнан астамы тіркелген жерінде жоқ және 2 мыңға жуық фирма әрекетсіз", - делінген хабарламада.

Өз кезегінде, аталған салық төлеушілерге қарсы талап-арыздарды бергенге дейін, бас прокурордың айтуынша, салық төлеушінің орналасқан жері бойынша салықтық сараптама жүргізіледі, шот бойынша шығыс операциялары негіз болған жағдайда шектеледі (берешек, хабарламаларды орындамау және т.б.), жетіспейтін тауарларға электрон шот-фактуралар анықталады, активтердің бар-жоғы, салық міндеттемелерінің орындалуы, салық жүктемесінің коэффициенті деңгейі анықталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети