"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының дауыс беру кезеңі басталды

05 Қараша, 13:09
10
"Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасының дауыс беру кезеңі басталды -

Осыған дейін "Қазақстанның 100 жаңа есімі" жобасы аяқталғаны айтылды. Жобаға ұзынды-қысқалы 1665 өтінім келіп түскен. Еліміздегі 39 жасқа дейінгі белсенді азаматтар саны мұнымен шектелмейтіні тағы рас, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Бүгін, яғни 05 қараша күні "100 жаңа есім" жобасының ІІІ маусымының дауыс беру кезеңі басталды. Дауыс беру кезеңі 20 қарашаға дейін жалғаспақ.

Қазақстандық жас кәсіпкерлер арасынан - 129 адам, ақ халатты абзал жастардан - 106 адам, мәдениет жастарынан - 373 адам, қоғам белсенділерінен - 307 адам, салауатты өмір салтын ұстанатын - 411 адам, ғылым-білім жолында еңбек етіп жүрген - 336 адам, және т.б. қазақстандық жастың және Қытай мен Ресейдегі қазақ жастарының өтінімі қабылданды. Бұл туралы Ruh.kz "Рухани жаңғыру" бағдарламасының ақпараттық порталы хабарлайды.

Жас та болса біршама жетістіктерге жеткен замандастарымызды қолдауға, дауыс беруге, жеңімпазды анықтауға атсалуға шақырамын. Ел білуі керек деп есептейтін қыз-жігіттерді, "Қазақстанның 100 жаңа есімін" бірге анықталық!

Қалай дауыс беру керек?

100janaesim.ruh.kz сілтемесі арқылы, не кез келген іздеу жүйесі арқылы жобаның негізгі сайтына өтіп, тінтуірді қалаған қатысшыңызға жақындатсаңыз "дауыс беру" тетігі шығады. Сол тетікті бір рет басу арқылы сіз анкетаға өте аласыз. Анкетаның (қатысушы фотосының) астында тұрған "дауыс беру" тетігін тағы басқан соң, жүйе сіздің электронды мекен-жайыңызды сұрайды. Электронды мекен-жайды енгізу арқылы құпия код ала аласыз. Құпия кодты көрсетілген жерге жазу арқылы сіз қатысушыға дауыс бере аласыз.

"Дауыс беру" - "дауыс беру" - "электронды мекен-жайды енгізу" - "құпия кодты жазу"

Материал "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты" қолдауымен әзірленді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (10)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай