Қазақстанның 9 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның 9 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды Иллюстрациялық фото pixabay.com

28 және 29 қазанда Қазақстанның тоғыз облысында жел, көктайғақ және тұманға байланысты дауылды ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


29 қазан күні күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында көктайғақ болады. Облыстың шығысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан жел секундына 15-20 метрге жетеді.

Көкшетауда 29 қазан күні күндіз оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

29 қазанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік бөлігінде тұман түседі.

29 қазан күні түнде және таңертең Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман, қатты жауын-шашын және қар күтіледі. 29-31 қазанда солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысып, таулы аудандарда секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

29 қазанда Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

28-29 қазан күндері түнде Қарағанды облысының орталығында, шығысында тұман түседі. Қарағандыда 28 қазанға қараған түні тұман болады.

29 қазан күні таңертең және күндіз Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып, облыстың солтүстігі мен солтүстік-шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.

29 қазанда Павлодар облысының солтүстігі мен батысында оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады. Павлодарда 29 қазанда күндіз оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.

29 қазан күні күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын, қар жауады. 29 және 30 қазанда күндіз облыстың солтүстігі мен батысында бұрқасын мен көктайғақ күтіледі. 30 қазанда түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан 29 қазанда және 30 қазанда түнде жел секундына 15-20 метрге жетеді, күндіз екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.

29 қазанда Түркістан облысының тауларында жаңбыр мен қар түрінде қатты жауын-шашын, сондай-ақ тұман күтіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +27
Астана +34
Ақтау +37
Ақтөбе +30
Атырау +29
Б
Балқаш +39
Ж
Жезқазған +33
Қ
Қарағанды +32
К
Көкшетау +32
Қ
Қостанай +42
Қызылорда +32
П
Павлодар +27
Петропавл +31
С
Семей +33
Т
Талдықорған +35
Тараз +41
Түркістан +29
О
Орал +30
Ө
Өскемен +37
Ш
Шымкент +31

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер