16 тамыз 2022 10:54

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды - Үкімет

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Жалпы, ішкі өнімнің өсімі 3,3 пайызға жетті. Құрылыс саласында 8,6 пайыз деңгейінде өсім қалыптасты. 7,7 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Қызмет көрсету саласы бойынша сауда 6 пайызға, көлік 5,5 пайызға және байланыс саласы 6,5 пайыздан аса өсті.

Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстары мен Шымкент қаласында барлық көрсеткіш бойынша оң динамика қалыптасып отыр", - делінген хабарламада.

Шілденің қорытындысы бойынша елдегі жылдық инфляция 15 пайыз болған.

"Өткен аптада Монополияға қарсы агенттікке қанттың қымбаттауы мен тапшылығына қатысы болуы мүмкін компания қызметін тексеруді тапсырдым. Бұл проблеманың көтерілгеніне біраз болды. Сондықтан мұндай жағдайды жауапты органдар ертерек анықтап, алдын алу керек.

Инфляцияны тежеу үшін қажетті құралдар бар. Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер оларды тиімді пайдалануы тиіс.

Тағы да назар аударатын жағдай - өңірлердегі делдалдық схемаларды тексеру жөніндегі комиссиялардың жұмысын жандандырып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға үстемесінің 15 пайыз мөлшерінде болуын ерекше бақылауда ұстау", - деді Әлихан Смайылов.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети