08 тамыз 2020 14:38

Қазақстанның әскери дәрігерлері зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ливанға ұшып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның әскери дәрігерлері зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ливанға ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанның әскери дәрігерлері зардап шеккендерге көмек көрсету үшін Ливанға ұшып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Кеше ҚР Президенті - ҚК Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс министріне Ливанға әскери медицина мамандарын жіберу туралы мәселені шешуді тапсырған еді.

"7 тамызда ҚР Қарулы Күштерінің жеке құрамының арасынан 29 медицина маманы мен 4 аудармашыдан құралған топ Нұр-Сұлтан-Ақтау бағыты бойынша ұшты. 8 тамызда таңертең Бейрут портында жарылыс нәтижесінде зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету үшін ҚР ҚК Әуе қорғаныс күштері әскери-транспорттық авиация ұшағы Ақтау - Бейрут бағыты бойынша ұшып кетті", - делінген хабарламада.

4 тамызда Ливан Әскери-теңіз күштерінің базасына жақын орналасқан Бейрут портының маңында қуатты жарылыс болып, 150-ден кем емес адам қаза болғаны белгілі. Бес мыңға жуық адам жарақат алды, алайда ауруханалар толы болғандықтан зардап шеккендер стационар жағдайында ем қабылдай алмай жатыр.

"Қазақстан Республикасындағы Covid-19-бен байланысты жағдайды ескере отырып, топ құрамына инфекционист және терапевт дәрігерлер қосылмады. Топ құрамына жоғары білікті хирургтар, травматолог, нейрохирург, анестезиолог-реаниматологтар, сондай-ақ хирургиялық бейіндегі орта медициналық персоналдар бар. Олардың көпшілігі ағылшын тілін жетік меңгерген.

Әскери медицина қызметкерлерінің мақсаты зардап шеккендерге білікті медицина көмек көрсету", - делінген СІМ хабарламасында.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.41   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети