26 желтоқсан 2020 13:30

Қазақстанның бас санитар дәрігері карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов карантин туралы жаңа қаулыға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаулы мәтіні мынадай: 

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, орталық мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнайы органдар:  

1) денсаулық сақтау ұйымдарында, жедел медициналық жәрдем машиналарында, жергілікті атқарушы органдар карантин үшін айқындаған үй-жайларда, сондай-ақ медицина қызметкерлері үйде медициналық көмек көрсету, ошақта эпидемиологиялық тергеп-тексеру жүргізу, науқастардан және байланыста болған адамдардан сұрау және сауалнама алу кезінде аудио, фото және бейне түсірілім жүргізуге тыйым салуды;

2) қоғамдық тамақтану объектілерінде кальянды пайдалануға тыйым салуды;

3) медициналық ұйымдарда, қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік объектілерде, сәбилер үйлерінде, балалар үйлерінде, әлеуметтік оңалту орталықтарда, мүгедек балаларға арналған, интернат типіндегі оқу орындарында карантинді және санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтауды қамтамасыз етсін. Әлеуетті ата-аналар берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексерілгені туралы құжатты ұсынған кезде жетім балаларды одан әрі асырап алу, қорғаншылықты, қамқоршылықты белгілеу үшін олармен кездесуге сәбилер үйлері мен балалар үйлеріне баруға рұқсат етіледі.

Берілген күнінен бастап 3 тәуліктен аспаған, теріс нәтижесі бар ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру туралы құжатты ұсынған кезде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының медициналық-әлеуметтік объектілерге баруына рұқсат етіледі.

Сондай-ақ мынадай өзгерістер бар: 

1) ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салуды;

2) ойын-сауық мекемелерінің (жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондары, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салуды;

3) кезекші топтарды қоспағанда, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің қызметіне тыйым салуды;

4) 2020 жылғы 25 желтоқсаннан бастап 2021 жылғы 5 қаңтарға дейін жаңа жылдық таңертеңгіліктер, мерекелік корпоративтер, ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салуды.

5) балаларды сауықтыру лагерлерінің қызметіне тыйым салуды;

6) спортшылардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде оқу-жаттығу жиындары мен жарыстарға қатысуы үшін шығуына тыйым салуды;

7) ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда ашық ауадағы аттракциондардың қызметіне рұқсат беруді;

8) ашық ауада жеке және топтық жаттығуларға (топта 5 адамнан асырмай) рұқсат беруді;

9) Ұлттық құрама, клуб командалары үшін спорттық жаттығуларға  (30 адамнан артық емес, байланыссыз термометрия, спорт базаларында тұру) рұқсат беруді;

10) жеке автокөліктің өңірлер арасында жүруіне рұқсат беруді;

11) қоғамдық көлікке, таксиге, әуежайларға, ауладағы балалар алаңдарына, азық-түлік және азық-түлік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға санитариялық және дезинфекциялық өңдеу жүргізуді;

12) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес уақыты мен саны бойынша шектей отырып, қаржы нарығы субъектілерінің қызметіне рұқсат беруді;

13) 2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап:

  • контингенті 300 оқушыға дейін қалалық және ауылдық мектептерде сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін дәстүрлі форматта оқытуға;
  • сыныптарды 15 баладан асырмай жинақтауды сақтай отырып, ата-аналардың өтініші бойынша жалпы білім беретін мектептерде 1-ден 5 сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде 7 сыныпқа дейін қоса алғанда кезекші сыныптарда оқытуға;
  • оқу бітіретін сыныптар (9, 11 (12) сыныптар) үшін аптаның 6 күні ішінде аралас оқытуға: пәндердің 70 пайызын штаттық режимде, 30 пайызын қашықтықтан оқытуға (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып – 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір уақытта мектепте жобалық қуаттың 30 пайызынан аспайтын адамның болуы, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маска режимін күшейту);
  • білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша сабақтан тыс уақытта 5 адамнан аспайтын топтарда оқушыларды жеке оқытуға рұқсат беруді;

14) екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының I курс студенттері үшін штаттық оқытуға рұқсат беруді;

15) 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығулар үшін спорт кешендерінің қызметіне рұқсат беруді;

16) маска режимін және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) баруға рұқсат беруді;

17) осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) көзбе-көз режимде өткізуге рұқсат беруді (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде);

18) өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" және "Бөбек" Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы" РМҚК қызметіне рұқсат беруді;

19) арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат беруді;

20) көрермендердің қатысуынсыз, бір мезгілде 100 адамнан асырмай жинақтай отырып, ҚР БМСД №67 қаулысының талаптарын және  тиісті аумақтардың бас санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда Қазақстан Республикасының чемпионаттарын және республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) өткізуге рұқсат беруді;

21) бір мезгілде 30 адамнан асырмай жинақтай отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат беруді;

22) осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар негізінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметін шектеуді қамтамасыз етсін. Бұл ретте күшейтілген карантиндік шаралар қабылданғаннан кейін кемінде 14 күн сақталады. Карантиндік шараларды жеңілдету сары немесе жасыл аймаққа көшкеннен кейін 2 аптадан ерте жүргізілмейді.

Қаулының толық мәтіні мына сілтемеде

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети