26 желтоқсан 2020 13:31

Оқушылар мен студенттер қалай оқиды? Жаңа қаулы шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Жаңа шаралардың бір бөлігі оқушылар мен студенттерді оқыту формасына қатысты болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның бас санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Жаңа шаралардың бір бөлігі оқушылар мен студенттерді оқыту формасына қатысты болып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2020-2021 оқу жылының үшінші тоқсанынан бастап рұқсат етіледі:

- дәстүрлі форматта қала және ауыл мектептерінде 300 оқушыға дейін, сыныптардағы балалар саны 15 адамға дейін;

- жалпы білім беретін мектептерде кезекші сыныптарда 1-ден 5-сыныпқа дейін қоса алғанда, халықаралық мектептерде - 7-сыныпқа дейін қоса алғанда ата-аналардың өтініші бойынша 15 баладан аспайтын сыныптардың жинақталуын сақтай отырып оқыту;

- бітіруші сыныптар үшін аптаның 6 күні ішінде құрамдастырылған оқыту (9 ,11 (12)-сыныптар): пәндердің 70 пайызы штаттық режимде, 30 пайызы қашықтан оқыту (сыныпта 15 адамнан артық емес, әлеуметтік қашықтықты сақтау, 1 сынып - 1 кабинет қағидаты бойынша оқыту, бір мезгілде мектепте 30 пайыздан артық емес жобалық қуаттылықта болу, санитариялық-дезинфекциялық режимді, маскалық режимді күшейту);

- білім беру мекемесі әкімшілігінің шешімі бойынша оқушыны сабақтан тыс уақытта топтарда бес адамнан аспайтын жеке оқыту;

Сонымен қатар, екінші семестрден бастап колледждер мен жоғары оқу орындарының бірінші курс студенттеріне штаттық оқуға рұқсат етіледі.

Бес адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығулар үшін спорт кешендерінің қызметіне рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, қазақстандықтарға маскалық режимді және кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, 15 адамнан аспайтын жеке және ұйымдасқан топтар үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға (мемлекеттік ұлттық табиғи парктерге, қорықтарға, резерваттарға және басқаларға) баруға рұқсат етіледі;

Осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес, алгоритмді сақтай отырып, кеңестерді (отырыстарды) күндізгі режимде (оларды қашықтықтан өткізу мүмкіндігі болмаған кезде) өткізуге рұқсат етіледі.

Сондай-ақ, бас санитар дәрігердің қаулысы бойынша:

  • "Балдәурен" республикалық оқу-сауықтыру орталығы" және "Бөбек" Ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығы" РМҚК қызметіне өңірлердегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып рұқсат етілсін;
  • арнайы, мамандандырылған ұйымдардың, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернаттардың (оның ішінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім балаларға арналған), жалпы үлгідегі мектеп-интернаттардың, дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттардың қызметіне рұқсат етілсін);
  • Қазақстан Республикасының чемпионаттары мен республикалық жарыстарды (бірыңғай республикалық күнтізбе бойынша) көрермендердің қатысуынсыз, тиісті аумақтардың бас санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған және бір мезгілде 100 адамнан аспайтын ҚР МГСБ №67 қаулысының талаптарын сақтаған жағдайда өткізуге рұқсат етілсін;
  • бір мезгілде 30-дан аспайтын адамды жинай отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын қайта бастауға рұқсат етіледі;
  • осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес өлшемшарттар негізінде әлеуметтік-экономикалық объектілердің қызметі шектелсін. Бұл ретте күшейтілген карантиндік шаралар қабылданғаннан кейін кемінде 14 күн сақталады. Карантиндік шараларды жеңілдету сары немесе жасыл аймаққа көшкеннен кейін 2 аптадан ерте жүргізілмейді.

Оқушылар мен студенттерді оқытуға қатысты қаулының толық нұсқасын мына сілтемеден табуға болады.

Сондай-ақ, бас санитарлық дәрігер тағы бір қаулыға қол қойды. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети