29 қазан 2020 16:18

Қазақстанның бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 2020 жылдың 23 қазанындағы қаулысына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтына сілтеме жасап.


Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың 2020 жылдың 23 қазанындағы қаулысына өзгерістер енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтына сілтеме жасап.

Бас мемлекеттік санитар дәрігер мынадай өзгерістер енгізді:

  • Aнықтама болмаған жағдайда ҚР азаматтары болып табылмайтын және Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты жоқ жолаушыларды әуе кемесінің бортына отырғызуға жол бермеу;
  • ҚР-ға келген азаматтар, Қазақстан Республикасының аумағында тұруға ықтиярхаты бар адамдар анықтамасы болмаған жағдайда ПТР әдісімен COVID-19-ға зертханалық тексеру үшін 7 тәулікке дейін карантиндік стационарға оқшауланады. COVID-19-ға зертханалық тексеру нәтижелерін алғаннан кейін COVID-19-ға теріс нәтижесі бар келген адамдарға осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алына отырып, COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіру жүргізіледі. COVID-19-ға оң нәтижемен келген адамдар инфекциялық стационарға жатқызылады.

Қаулыда 1 тармақтың 1 тармақшасында "өткені туралы" деген сөздер "тесттің теріс нәтижесі бар" деген сөздермен ауыстырылатыны да жазылған.

Құжаттардың толық нұсқасы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында, сондай-ақ мына сілтемеден таныса аласыз. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети