31 тамыз 2016 12:52

Қазақстанның батысында үш радикал топтың іс-әрекеттеріне тосқауыл қойылды - ҰҚК

ПОДЕЛИТЬСЯ

© utniknews-uz.com © utniknews-uz.com

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 12-30 тамыз аралығында Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары аумағында үш радикалды топтың іс-әрекеттеріне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ҰҚК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ұлттық қауіпсіздік комитеті 12-30 тамыз аралығында Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары аумағында үш радикалды топтың іс-әрекеттеріне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасы ҰҚК Баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нәтижесінде радикалдардың құқық қорғау қызметкерлеріне шабуылдар жасау, сондай-ақ халық көп шоғырланатын орындарда терроризм актілерінің жасау жоспарларын іске асыру ниеттері бұзылды.

Топ мүшелерінің тұрғылықты мекенжайларын тінту барысында бірнеше атыс қаруы және оған қажетті оқ-дәрілер, тротил, қолдан жасалған жарылғыш зат, суық қару, экстремистік мазмұндағы баспа және аудио материалдар, халықаралық террористік ұйымдардың төлбелгілері алынды.

Бұған қоса, топ мүшелерінің бірінен өз іс-әрекеттерін қаржыландыру мақсатында теңгелік жалған ақшалар, арнайы қағаз, компьютерлік және көбейту техникасы табылды.

"Көрсетілген топ мүшелеріне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174 («Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк,тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру»), 256 ("Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiнжасауға жария түрде шақыру"), 257 ("Террористік топ құру және оның қызметіне қатысу»), 231 («Жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу»), 287 ("Қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру"), 288 ("Қаруды заңсыз жасау") баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Сот санкциясына сәйкес, Батыс Қазақстан облысының 10 тұрғыны және Ақтөбе облысының 11 тұрғыны қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети