Қазақстанның бес өңірінде су басу қаупі бар

02 Сәуір 2018, 09:52
0
Қазақстанның бес өңірінде су басу қаупі бар -

Қазақстанның бес өңірінде су басу қаупі бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Бұған ауа райының жылынуы себеп делінеді.

3-4 сәуірде Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде, ауа температурасының жоғарылау болжамына байланысты, қардың біртіндеп еруі, жергілікті ағынның қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуіжәне жайылмалық аудандарды су басу күтіледі.

3-4 сәуірде Павлодар облысының өзендерінде,оң мәнді ауа температурасының жоғарылау болжамына, сонымен қатар Шүлбі су қоймасынан тасталатын судың жоғарылауына байланысты, жергілікті ағынның қалыптасуына, су деңгейінің көтерілуі және судың өзен жайылмасына шығуына (су басуға) алып келеді.

2-4 сәуірде Қарағанды облысының өзендерінде,ауа температурасының жоғарылау болжамына байланысты, қардың біртіндеп еруі, жергілікті ағынның қалыптасуы, су деңгейінің көтерілуі және жайылмалық аудандарды су басу күтіледі.

2-4 сәуірде Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде,ауа температурасының жоғарылау болжамына байланысты, жергілікті бүйірлік ағынның ары қарай қалыптасуы, мұз кептелістері, су деңгейлерінің көтерілуі, судың жайылуы және су басады деп болжанады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай