1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанның білім беру саласында 250-ден аса қылмыс анықталды 02 желтоқсан 2021, 18:25

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

Комиссия отырысында инфрақұрылымды дамыту бойынша "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының қорытындысы қаралды. Бұл бағдарламаның іске асырылуы бірқатар саланы дамытуға, соның ішінде ішкі жалпы өнімді арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, транзит көлемін көбейтуге ықпал етті. Одан бөлек жаһандық экономикалық дағдарыстың әсерін азайтуға да септігін тигізді.

Дегенмен мемлекеттік органдар мақсатты индикаторлар мен нәтижелердің бәріне бірдей қол жеткізбеген. Бұдан бөлек, құқық қорғау және бақылаушы органдар жекелеген қаржылық құқықбұзушылықтарды, сондай-ақ, бюджет қаржысының тиімсіз жоспарланғанын анықтаған.

Жиында бұл мәселе жан-жақты талқыланып, оны шешуге және алдағы уақытта мұндай олқылықтарға жол жібермеуге қатысты нақты ұсыныстар берілді.

"Комиссия отырысында орта және жоғары білім беру бағытын дамытуға бөлінетін қаржының тиімді жұмсалуына қатысты жүргізілген мемлекеттік аудиттің қорытындысы да талқыланды. Бұл бағытта Есеп комитеті бірқатар мәселені анықтады. Ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және қаржы мониторингі агенттіктері 250 қылмысты тіркеген", - делінген хабарламада.

Кемшіліктерді жою үшін Білім және ғылым министрлігіне, республикалық маңызы бар қалалар мен облыстардың әкімдеріне қатысты қатаң шара қабылдау тапсырылды. Сондай-ақ, "Білімді ұлт" сапалы білім беру" ұлттық жобасын іске асыру барысында қаржы жымқыру, қызметін асыра пайдалану секілді заңбұзушылықтарға жол берілмеуі қажет екеніне назар аударылды.

Жиын қорытындысында Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев талқыланған мәселелер бойынша мемлекеттік және атқарушы органдарға бірқатар тапсырма беріп, олардың орындалуы қатаң бақылауда болатынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram