1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай ойнап, жел соғады24 тамыз 2020, 15:02

Ертең Қазақстанның бірнеше өңірінде найзағай ойнап, жел соғады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 25 тамызда Шығыс Қазақстан кей жерлерде найзағай, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып кей жерлерде 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Өскеменде найзағай болжанады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Семейде күндіз найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай сақталады. Солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең күші кей жерлерде 15-20 м/с сақталады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде және таңертең 25 тамызда Қостанай облысының кей жерінде тұман болжанады.

Қарағанды облысының шығысында түнде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағандыда және Жезқазғанда да найзағай болжанады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!