Қазақстанның даулы жерлерді Қытай мен Ресейден қалай алғаны белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

"Хабар" телеарнасындағы "Тәуелсіздік тағылымы" бағдарламасында Қазақстан шекарасының қалай бекітілгені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

"Хабар" телеарнасындағы "Тәуелсіздік тағылымы" бағдарламасында Қазақстан шекарасының қалай бекітілгені айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мен әлемде тоғызыншы орын алатын Қазақстан шекарасының заң жүзінде қалай бекітілгені жайлы айтқым келіп отыр. Қытай Халық Республикасымен өте қиын келіссөздер жүргізілді. Келіссөздер 1992 жылы басталып, 1994 жылы шекараны жүргізу туралы келісімшартқа қол қойылды, бірақ екі жер телімі даулы болды - бұл ежелгі жерлеріміз еді. ХІХ ғасырда жасалған келіссөздер осы даулы мәселелер жер телімдерінің Қытайдың иелігінде екенін көрсетті. Алдымызда қиын мәселе тұрды - осы территорияға иелік етуге құқық алу", - деп еске алды Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, қытай делегаттары мың, тіпті он мың жыл бойы келіссөз жүргізуге дайын еді, алайда қазақстандық саясаткерлер осы кезде Нұрсұлтан Назарбаевтан көмек сұрады.

"Біздің Президенттің айтқан сөздері сенімді болды, ол бұл мәселені қазір шешу керек және жерді Қазақстанда қалдыру керек деді, себебі болашақта бұл мәселе Қазақстан үшін де, Қытай үшін де үлкен проблема туғызады, біз стратегиялық серіктес бола алмай қаламыз деді. ҚХР төрағасы Цзян Цзэминь сол кезде "Мен ашығын айтайын, қытай халқы, оның ішінде Гонконг пен Тайвань халқы бұл мәселені шешуге қарсы" деді. Сонымен қатар, әскері де қарсы болды. Президентіміздің жігері мен стратегиялық көрегенділігінің арқасында, бұл мәселе Қазақстанның пайдасына шешілді", - деді сол кезде сыртқы істер министрі қызметінде болған Сенат спикері. 

Қытаймен келісімшартқа 1996 жылы қол қойылды, ал 2002 жылы демаркация туралы келісімшарт жасалды, яғни шекара белгілерін қою туралы шешім. 

"Өзбекстанмен де, Қырғызстанмен де осындай мәселе болды. Шекарада халықтың бір-біріне тығыз орналасқаны соншалықты, шекара үйдің ортасынан өтті, мәселен жатын бөлмесі бізде болса, асханасы арғы мемлекетте кетті. Келісу керек болды. Келіссөздердің соңғы кезеңінде мені ауыр артиллерия ретінде осы мәселеге араластырды, біз осы мәселені шештік, осы мемлекеттердің басшылары бізге жоғары баға берді", - деп еске алды Мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, Ресеймен де осындай келіссөздер оңай болған жоқ, өйткені тарихтағы белгілі себептер болған, анығында Ресеймен ешқандай да тарихи келіссөздер жүргізілмеген.

"Біз әкімшілік шекара бойымен жүрдік, келіссөздер қиын болды, сонда біздің Президент тағы да сенімді дәлелдер келтіріп, құжатқа қол қойылды, бұған Ресей президенті "Бұрынғы Кеңес Одағының ішіндегі шекара бойынша көзқарасымды жақсы білесіз, бірақ сізге деген зор құрметіммен бұл келісімшартқа қол қоямын да, парламенттен ратификациялауды сұраймын" деді", - деп еске алды Қасым-Жомарт Тоқаев.

2006 жылы екі елдің парламенті Қазақстан мен Ресей арасындағы шекараны жүргізу бойынша келісімшартты ратификациялады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro