10 шілде 2015 14:31

Қазақстанның инвестициялар және даму вице-министрі қызметінен кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©  Facebook/Marat Igali © Facebook/Marat Igali

ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев арызына байланысты қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты ведомстводағылар растады. 


ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Ерлан Сағадиев арызына байланысты қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл ақпаратты ведомстводағылар растады. 

"Ия, вице-министр Ерлан Сағадиев өз қызметінен кетті. Дегенмен премьер қол қойған құжатты әлі көргем жоқ", - деді Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметіндегілер.

Ерлан Сағадиев - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің түлегі, ол "экономика" мамандығын бітірген. Миннесота штаты унисверситетінің ғылым магистрі. Еңбек жолын ҚР Сыртқы істер министрлігі Қолданбалы экономика департаментінде халықаралық экономикалық қатынастарды дамыту хатшысы қызметінен бастады. Дүниежүзілік банк департаменті ауылшаруашылығы жағдайына анализ жасау ассистенті қызметін де атқарған. Шығыс Еуропа, ТМД, АҚШ елдерінде куратор да болды.

Ерлан Сағадиев Халықаралық Бизнес Университеті президенті, Қазақстан премьер-министрінің штаттан тыс кеңесшісі (2007 жылы), сонымен қатар Аймақтық қаржы орталығы академиясының директорлар кеңесінің төрағасы да болды.

2014 жылдың ақпанында индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Қайта ұйымдастырудан кейін 2014 жылдың тамызында ҚР инвестициялар және даму вице-министрі болып тағайындалды.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети