01 наурыз 2021 17:51

Қазақстанның қай өңірінде тағы қар жауады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның бес облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 наурызға ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап. 


Қазақстанның бес облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 наурызға ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК орталығына сілтеме жасап. 

Дауыл туралы ескерту мына өңірлерде жарияланды:

  • Қостанай облысында. Мұнда кей жерлерде тұман түсіп, боран соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.
  • Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Батыстан соғатын желдің жалдамдығы күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.
  • Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, қар жауады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ, бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Өскемен мен Семейде желдің жылдамдығы секундына 15-18 метрге жетеді.
  • Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.
  • Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін. Күндіз оңтүстік-батыстан жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.

Бұған дейін "Қазгидромет" синоптиктері наурызда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтқан еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети