Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қазақстанның кей аймағында қар жауады - синоптиктер

14 Наурыз 2016, 12:27
0
© Николай Колесников
© Николай Колесников

Елімізде 15-17 наурыз аралығында қарлы және жауын-шашынды ауа райы күтіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап. Сонымен қатар, республиканың солтүстігінде боран соғып, көктайғақ болады.

"Алдағы үш тәулікте Қазақстан алғашында Оңтүстік-Каспий циклонының ықпалында болады, кейін оған Ресейдің Еуропа бөлігінің солтүстік аудандарындағы суық арктикалық фронт қосылады. Сондықтан да республиканың басым бөлігінде жауын-шашынды ауа райы сақталып, солтүстікте қар жауып, боран соғады, сонымен қатар жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жететін жел тұрып, көктайғақ болады. Ал оңтүстікте жаңбыр күтіледі, таулы аймақтарда жылымық қар жауып, тұман болады", - делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәліметінше, ауа температурасы төмендегенімен, бұрынғыша нормадан жоғары болады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай