20 шілде 2020 09:47

Қазақстанның кейбір өңірлерінде 42 градус аптап болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: assets.oxu.az Фото: assets.oxu.az

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 20-21 шілде аралығындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.


"Қазгидромет" РМК синоптиктері 20-21 шілде аралығындағы ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алдағы күндері Қарағанды, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жауады.

Қарағанды ​​облысының оңтүстігінде ауа температурасы 38 градусқа дейін көтеріліп, аптап болады және өрт қаупі өте жоғары деңгейде сақталады.

20 шілдеде Түркістан облысының кей жерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады. Солтүстік-батыстан желдің екпіні секундына 15-20 метр дейін жетеді. Күндіз облыстың басым бөлігінде күн 41 градусқа дейін ысып, аптап сақталады әрі кей жерлерде өрт қаупі өте жоғары деңгейде болады.

20 шілдеде Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл соғып, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыс және шығыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз 35-38 градус қатты ыстық болады. 

Қызылорда облысында солтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде оның екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Күндіз ауа температурасы 40-42 градусқа дейін көтеріліп, өрт қаупі жоғары болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети