05 мамыр 2021 12:00

Қазақстанның мембюджет шығыны 1,3 триллионға артады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Алдағы бес жылға арналған мемлекеттік бюджет шығындарын 1,3 триллион теңгеге ұлғайту жоспарланып отыр. Шығындардың жалпы көлемі 15 триллион теңге мөлшерінде болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алдағы бес жылға арналған мемлекеттік бюджет шығындарын 1,3 триллион теңгеге ұлғайту жоспарланып отыр. Шығындардың жалпы көлемі 15 триллион теңге мөлшерінде болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасы 2021 жылғы сәуірде 2021-2025 жылдарға арналған макроэкономикалық көрсеткіштер болжамын нақтылауға байланысты әзірленіп, іске асыруға бағытталғаны айтылды:

  • Nur Otan партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасы "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!";
  • Президенттің 2020 жылғы 1 қыркүйектегі "Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі" атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмалары";
  • COVID-19-ға қарсы күрес жөніндегі шаралар;

Мұнайдың әлемдік бағасы бойынша болжам барреліне 35 доллардан 50 долларға дейін өскен. 2021 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстанның ЖІӨ-нің нысаналы өсімі 3,1 пайыз деңгейінде жоспарланған, бұрын 2,8 пайыз болады деп болжанған.

ЖІӨ көрсеткіші 2021 жылы 77 миллиард 869 миллион теңге мөлшерінде болжанған. Бұл мақұлданған болжамнан 1 миллиард 207 миллион теңгеге жоғары. Жан басына шаққандағы ЖІӨ 9 миллион 655 мың доллар, делінген қорытындыда.

Республикалық бюджеттің нақтыланған шығыстары түзетілген бюджетке қатысты 1 триллион 277 миллиард 712 миллион 468 мың теңгеге ұлғайтылып, 15 триллион 333 миллиард 981 миллион 44 мың теңге мөлшерінде болжанды.

Республикалық бюджет шығыстарын ұлғайтудың негізгі бағыттарының жалпы сомасы - 1 триллион 487 миллиард 157 миллион 872 мың теңге. Коронавируспен күреске байланысты шараларға 265 миллиард 303 миллион 716 мың теңге жұмсалады.

Оның ішінде:

  • коронавирус инфекциясы бойынша карантин шараларын жүргізуге жұмылған медицина қызметкерлеріне қосымша ақы - 69 миллиард 533 миллион 963 мың теңге;
  • медициналық қызметтер COVID-19 инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында стационарлық медициналық көмек көлемін өтеу үшін, сондай-ақ ПТР-сынама жүргізуге - 80 миллиард 363 миллион 677 мың теңге;
  • Үкіметтің резервін ұлғайтуға - 100 миллиард теңге;
  • иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыт құрылысын аяқтауға - 1 миллиард 597 миллион 008 мың теңге;
  • COVID-19 инфекциясына қарсы отандық вакцинаның клиникалық зерттеулерінің I/II және III фазаларын жүргізуге - 1 миллиард 423 миллион 989 мың теңге;
  • жеке қорғаныс құралдарын сатып алуға - 12 миллиард 385 миллион 079 мың теңге.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети