27 қазан 2014 10:00

Қазақстанның оңтүстігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

27 қазан күні Қазақстанның оңтүстігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.


27 қазан күні Қазақстанның оңтүстігінде ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, ескерту Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында жарияланды. 27 қазан күні Оңтүстік Қазақстан облысында жаңбырдың соңы қарға ұласып, түнде температура 2-7 градус аязға дейін төмендейді, кей жерлерде 10 градусқа дейін аяз болады. Жамбыл облысында да жауын-шашын болады, кей жерлерде толассыз жауын-шашын түседі. "Ауа температурасы 0-5, кей жерлерде 10 градус аязға дейін төмендейді, күндізгі температура 2-7 градус жылы болады, кей жерлерде сынап бағанасы 12 градусқа дейін жоғарылайды", - дейді метеорологтер. Бұл облыстарда тұман түсіп, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Қызылорда облысында көктайғақ болады.

Қазақстанның басқа да облыстарында жауын-шашын (негізінен қар) болады деген болжам жасалды, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғады. Республиканың батысында ғана күн ашық болады. "Павлодар, Ақмола, Қостанай, Қарағанды облыстарында бұрқасын болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында секундына 15-22 метрге жететін жел соғады. Алматы, Жамбыл облыстарында тұман түсіп, секундына 15-20 метрге жететін жел соғады", - деп хабарлады синоптиктер.

Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің мәліметінше, Қарағанды облысында көктайғақтың салдарынан Балқаш - Қарағанды тас жолында қоғамдық көлік қозғалысы тоқтатылды. Шектеу 26 қазан күні 20.30-да енгізілді. Бірақ облыста төтенше ескерту жарияланған жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети