Қазақстанның шетелдегі елшілеріне Назарбаевтың көңілі толмайды

18 Қараша 2015, 12:44
0
Қазақстанның шетелдегі елшілеріне Назарбаевтың көңілі толмайды - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев шетелдік инвесторларды елге белсенді түрде тартуды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақордада министрлер кабинетінің қатысуымен кеңейтілген отырыс өтіп жатыр.

Нұрсұлтан Назарбаев инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешовтің баяндамасынан кейін министрдің Президент барған шетелдегі соңғы іссапарына бірге барғанын айтты. "(...) Әлемнің беделді бизмендерімен жеке кездесулер өтті. Олар қызығушылық танытып, жұмыс істейтін нақты нысандарын атады. Мұндай мүмкіндік бүгінгі заманда ешкімде жоқ. Әлемде қаржы жетеді, оларды тартып, алып, қызықтыра білу керек. Үкіметтің барлық шеберлігі, қадрлардың біліктілігі осында болуы тиіс", - деді Назарбаев.

Елбасы инвесторлармен, инвестициямен байланыстағы нақты адам бар ма деп сұрады. "Инвестор кабинеттен кабинетке жүгіріп жүрмеу үшін. Ал ол адам таныстырып беруі тиіс. Мен сыртқы істер министріне бізге арнайы бөлім құру керек шығар дегенмін. (...)", - деді Мемлекет басшысы.

Ол шетелге жасалған іссапарлар қорытындысы бойынша барлық келісімнің бақылауда болып, сақталуы тиіс екенін айтты.

"СІМ онсыз да мұнымен айналысуы тиіс. Біз әлемдік саясатты дипломатиямен белгілейтін держава емеспіз. Кез келген елші - қайда барсаң да - елші, немен айналысады, білмеймін. Өз істерін білмейді, экономиканы тіпті білмейді. Коллегияда біз сол туралы айтамыз - елшілердің сапасы, елшілік қай жерде керек, қай жерде керек емес. Бізге Қазақстанға қызығушылығы бар жерде ғана өкілдік қажет", - деді Назарбаев.

Отырыс барысында 2015 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамудың аралық қорытындысы қаралып, әлемдік экономикадағы дағдарыс тенденциясын ескере отырып сол кезеңде жүргізілетін жұмыс жоспары талқыланды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай