03 мамыр 2021 11:49

Қазақстанның солтүстігіндегі ауылдардың бірінде алапат өрт болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде өрт болды. Куәгерлер оқиға орнынан видеоны бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Солтүстік Қазақстан облысындағы ауылдардың бірінде өрт болды. Куәгерлер оқиға орнынан видеоны бөлісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Куәгерлердің сөзінше, Қызылжар ауданы Желяков ауылындағы көшеден өрт шыққан. 

"Адамдар қолдан келгенше қашып құтылған. Жануарларды өрттен құтқару мүмкін болмады. Адамдар үйсіз, құжатсыз қалды", - дейді видео авторы. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Петропавловск | Новости СКО (@petro_smi)

СҚО ТЖД өкілдерінің сөзінше, өрт 2 мамырда болған. Салдарынан үш тұрғын үй, иесіз ғимарат пен құрылыс нысаны өртеніп кеткен. Жалпы 950 шаршы метр өртенген.  

Желяково ауылында барлығы 51 үй бар, жалпы 130 адам тұрады. 

Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети