Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады деп болжанған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай болады деп болжанған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Ауа райы болжамына сәйкес, 10 шілдеде қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның ластануы Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларында күтіледі. Бұл қалаларда метеорологиялық жағдай атмосферада ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиян (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынық, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы мүмкін.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети