Қазақстанның үздік сот органдары анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның үздік сот органдары анықталды ©Ярослав Радловский

ҚР Жоғарғы соты республика бойынша сот органдарының 2014 жылғы жұмысын сегіз өлшем бойынша бағалап, үздік өңірлік соттардың рейтингін жасады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Сот органдарының қызметі мынадай негізгі өлшемдер бойынша бағаланды: аудандық және соған теңестірілген соттардың және облыстық алқалар мен соған тең соттардың сот төрелігіне жіберу сапасы; өңірде бірыңғай үлгідегі сот тәжірибесін қалыптастыру; сот этикасы нормаларын сақтау мен атқару және еңбек тәртібінің жағдайы; қоғаммен және бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара байланысу деңгейі; облыстық сот пен апелляциялық сот алқасы төрағасының істі қарау жөніндегі жұмысының тығыздығы; істі автоматтандырылған түрде қарау ережелерін сақтау; соттарда қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды қолдану және соттардың кәсіби деңгейін арттыру. 

Бағалау нәтижесі бойынша Шығыс Қазақстан облысының соттары алдыңғы жылғыдай көш басына шықты. Екінші орында - Солтүстік Қазақстан облысының, үшінші орында - Жамбыл облысының сот органдары. "Алматы мен Астана қаласының сот органдары және Әскери сот жекелеген позициялар бойынша көрсеткіштерін жақсартқанымен, тұтас алғанда, рейтингтің соңғы орындарынан көрінді", - делінген хабарламада. 

Жоғарғы сот өкілдерінің мәліметінше, сот органдары жұмысын бағалаудың бұл әдістемесін ҚР Жоғарғы сотының өзі халықаралық тәжірибені ескере отырып жасаған. Қазіргі уақытта Еуропа мен Азия-Тынық мұхиты елдерінің көбі соттар жұмысын бағалаудың тиімді әдістемесін іздестіріп жатыр.  

Читайте также

Валюта бағамы

 468.27   534.16   6.13 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +25
Астана +17
Ақтау +27
Ақтөбе +26
Атырау +31
Б
Балқаш +24
Ж
Жезқазған +18
Қ
Қарағанды +18
К
Көкшетау +23
Қ
Қостанай +28
Қызылорда +21
П
Павлодар +19
Петропавл +24
С
Семей +24
Т
Талдықорған +25
Тараз +22
Түркістан +30
О
Орал +23
Ө
Өскемен +23
Ш
Шымкент +24

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер