07 қазан 2014 22:00

"Қазбат" пен НАТО әскерилері Германияда "Дала қыраны-2014" жаттығуын өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен алынды Фото ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен алынды

Қазақстандық әскери қызметкерлер Германиядағы "Дала қыраны-2014" халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуына қатысады, - деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстандық әскери қызметкерлер Германиядағы "Дала қыраны-2014" халықаралық тактикалық-арнайы бітімгершілік оқу-жаттығуына қатысады, - деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz тілшісі.

"Дала қыраны-2014" жаттығуына Қазақстаннан подполковник Бақытжан Жетпісов басшылық жасайтын бітімгершілік батальон штабы және капитан Аян Нұрқасов бастаған "Қазбаттың" күшейтілген ротасы құрамындағы 150 қазақстандық әскери қызметкер қатысып жатыр.  

"Дала қыраны-2014" жаттығуының басты мақсаты НАТО-ға мүше мемлекеттердің әскери  контингенттерімен үйлесімділігін және өзара іс-қимылын пысықтау.

Қазақстандық бітімгершілік батальон көпұлтты ортадағы үйлесімділікті жақсарту, миссияларды жоспарлау, жедел бұйрықтарды орындау, ағымдағы операцияларды қадағалау жөніндегі міндеттерді пысықтауда.

Биыл "Дала қыраны" он екінші рет өткізіліп жатыр. Бұл бітімгершілік оқу-жаттығуы тұңғыш рет 2003 жылы ҚР ҚК Аэроұтқыр әскерлерінің "Іле" оқу-жаттығу орталығында өткізілген болатын.

"Дала қыраны-2014" оқу-жаттығуына сондай-ақ Тәжікстан, Қырғызстан, АҚШ, Германия мен Ұлыбритания қатысуда.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети