1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

"Қазгидромет" бас директоры тағайындалды

© kazhydromet.kz © kazhydromet.kz

Данара Алимбаева "Қазгидромет" бас директоры болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1922 жылы құрылған Қазақстан Республикасының Гидрометеорологиялық қызметінің тарихында алғаш рет әйел басшы болып тағайындалды.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның (ДМҰ) құрамына кіретін 192 елдің ішінде Алимбаева осындай ұйымды басқаратын нәзік жыныстылардың екінші өкілі.

ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2020 жылғы 10 наурыздағы №119 бұйрығымен Данара Кизатқызы Алимбаева "Қазгидромет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Бас директоры лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.

Данара Алимбаева 1977 жылы 08 тамызда дүниеге келген, метеорология және қаржы мамандықтары бойынша екі жоғары білімі, сондай-ақ қолданбалы экология бағыты бойынша магистр дәрежесі бар.

Еңбек жолын 2002 жылы "Қазгидромет" РМК-да техник-метеоролог лауазымынан бастады;

2003-2009 жылдары - инженер-метеоролог, 1 санатты инженер-метеоролог, жетекші инженер метеоролог, Метеорология басқармасының басшысы;

2011-2015 жылдары - Метеорология департаментінің директоры;

2015-2017 жылдары - Экологиялық мониторинг департаментінің директоры.

2017 жылғы 18 қыркүйектен бастап "Қазгидромет" РМК бас директорының орынбасары болып тағайындалды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Қазақстанда күн суытады