01 наурыз 2020 12:08

Қазгидромет мамандары Шу өзенінің суын тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© drive2.ru © drive2.ru

"Қазгидромет" РМК мамандары 2020 жылғы 29 ақпандағы Шу өзенінде кезектен тыс су сынамаларын алудың анықтамасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство өкілдеріне сілтеме жасап.


"Қазгидромет" РМК мамандары 2020 жылғы 29 ақпандағы Шу өзенінде кезектен тыс су сынамаларын алудың анықтамасын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомство өкілдеріне сілтеме жасап.

"БАҚ және Facebook әлеуметтік желісінде Шу өзеніне құятын Қырғызстан Республикасының аймағында Аламедин және Ала-Арча өзендерінде судың жасыл түсінің пайда болуы туралы ақпаратқа байланысты, "Қазгидромет" РМК Жамбыл облысы бойынша филиалы Қайнар ауылының ауданында 2020 жылғы 29 ақпанда Шу өзені суының сынамасын жоспардан тыс іріктеуді ұйымдастырды (Қырғызстанмен шекарасынан шамамен 20 шақырым). Шу өзенінде көзбен шолып қарағанда су табиғи түсті, бөтен иісі жоқ, суға тән емес құбылыстар табылған жоқ", - делінген хабарламада. 

Ауыр металдарды, органикалық және биогенді заттарды анықтау үшін су сынамаларының физика-химиялық талдауының нәтижелері 2020 жылғы 2 наурызда ұсынылатын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети