07 желтоқсан 2020 13:56

Қазгидромет өкілдері Нұр-Сұлтандағы қалың тұмшаның пайда болу себебін атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазгидромет мамандары Нұр-Сұлтандағы тұмшаның пайда болу себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазгидромет мамандары Нұр-Сұлтандағы тұмшаның пайда болу себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таңертең 7 желтоқсанда астананы тұмша басты. Қала тұрғындары тұмша басқан қаланың суреттерін бөлісіп, күйіктің уы иісі шыққанын айтқан. 

Қазгидромет мамандарының сөзінше, синоптика жағдайы бойынша 7 желтоқсанда Нұр-Сұлтандағы ауа райына антициклон әсер етеді.

"Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз, 24-28 градусқа дейін орташа аяз бен тұман байқалады. Мұндай ауа райы жоғары қысым аймағына - бұлтты, желсіз ауа райына және ауаның салқындауына тән. Атмосфераның жоғары қабаттарында ауа массаларының араласуы да жоқ, бұл тұманның пайда болуына әкеледі", - дейді ведомство өкілдері. 

Қазгидрометтің экологиялық бақылау станцияларында 6-7 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда шекті концентрациядан асып кеткені анықталған.

Тұмшаның салдарынан қалада қараңғы болып, көру нашарлаған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети