Қазмедиа орталығының Бас директоры тағайындалды

05 Тамыз 2015, 13:37
0
Қазмедиа орталығының Бас директоры тағайындалды - Мирболат Аюпов. © ortcom.kz
Мирболат Аюпов. © ortcom.kz

Қазмедиа орталығының Бас директоры тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі медиа орталықтың сайтына сілтеме жасап.

"Қазмедиа орталығы" Басқарушы компаниясы" ЖШС Бас директоры болып Мирболат Аюпов тағайындалды.

"Қазмедиа орталығының" осыған дейінгі Бас директоры Мейір Ескендіров өз қалауымен қызметінен босатылды.

Айта кетейік, жаңадан тағайындалған бас директор Мирболат Аюпов 1963 жылы 26 тамызда Қарағандыда дүниеге келген. Ол Мәскеу инженерлік-физикалық институты мен Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған. Кей жылдары "Алтел" АҚ вице-президенті (2005-2007), "Транстелеком" президенті (2009-2012), 2012 жылдан бастап мобильді байланыс бойынша "Қазақтелеком" АҚ Басқарушы директоры қызметтерін атқарды. Кейін "Зерде" ҰАКҚ  ақпараттық-коммуникациялық қорының басқарма төрағасы қызметін атқарды. 

Айта кетейік, Қазмедиа орталығы 2011 жылы желтоқсанда ашылды. Телерадиокешеннің ғимараты 22 қабаттан тұрады, ол телеарналардың толыққанды жұмыс істеуіне лайықталып жасалған. Ол жердегі жабдықтар кез келген бағдарламаларды, толық метражды сериалдарды және фильмдерді түсіруге мүмкіндік береді. 

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай