02 сәуір 2021 13:50

Қазнетте "мәйітке толы" жүк көлігінің видеосы талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Қазақстандықтар қара пакеттерге оралған адамдардың денесі салынған жүк көлігі түсірілген бейнероликті талқылап жатыр. Желі қолданушылары "адамдарды қорқыту үшін жаңалықтарды осылай түсіреді" дейді. Stopfake.kz бұл пікірлерді жоққа шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеода "мәйіттердің" бірі темекі тартып жатыр, ал жүк көлігінің ішіндегі екі ер адам үсіндегі қара пакеттерді түзеп жатыр. Қазнет қолданушыларының айтуынша, адамдарды қорқыту үшін COVID-19 пандемиясының құрбандары туралы жаңалықтарды осылай түсіреді.

"Бұл пікір - фейк. Видеоның түпнұсқасы қоюшы суретші Василий Ивановтың TikTok парақшасынан алынған. Ролик биыл 30 наурызда жарияланған және онда "Хаскидің Никогда-нибудь клипінің түсірілімі" деп жазылған.

Рэп орындаушы Хаскидің "Никогда-нибудь" әніне түсірілген музыкалық видеода мәйіттерге толы КамАЗ көрсетілгені рас, бұл осы таратылған роликтегі көлік. Демек, видеороликтің COVID-19 пандемиясына ешқандай қатысы жоқ, бұл көркем музыкалық бейне", - деді Stopfake.kz өкілдері.

@vasyaivanovdesign

Съемки клипа Хаски - Никогда-нибудь ##Хаски ##рэперхаски ##бекстейдж ##какснимали ##съемки ##backstage ##рекомендации ##хочуврек ##рек ##хаски

♬ Никогда-нибудь - Хаски

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети