19 қазан 2023 12:55

Қазнетте Президенттің үндеуі жазылған жалған видео тарап жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Freepik Freepik

Әлеуметтік желілерде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Илон Маск жаңадан жасаған инвестициялық платформаға қаржы салуға үндейтін видео тарап жатыр. Бұл - дипфейк, - деп хабарлайды stopfake.kz.


Әлеуметтік желілерде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Илон Маск жаңадан жасаған инвестициялық платформаға қаржы салуға үндейтін видео тарап жатыр. Бұл - дипфейк, - деп хабарлайды stopfake.kz.

"Біз видеоны дипфейктің онлайн детекторының көмегімен тексеріп, оның нейрожелі арқылы жасалғанын анықтадық.

Ірі қазақстандық және ағылшын тілді БАҚ-та Илон Маск пен ҚР Үкіметі бірлесіп белгілі бір инвестициялық платформа әзірлегені туралы ақпараттар жоқ. Бұл туралы ҚР Президентінің ресми сайтында да жазылмаған. Желіде Илон Масктың инвестициялық платформасы туралы жарияланымдар көп. Олардың бәрінда ақпараттың жалған екендігі айтылған. Илон Маск пассивті табыс табу үшін платформа жасаған жоқ, ал мұндай стартаптарға ақша салуға үндеу – кибер алаяқтардың ісі болып табылады", - деп жазды портал тілшілері.

Демек, таралған хабарламаға сенбеген жөн. ҚР Президентінің видеосы – дипфейк, ал Илон Маскта инвестициялық платформа жоқ, дейді портал.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети