1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Қазнетте төрт ұшқыш коронавирусқа қарсы вакцинадан кейін қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады 18 маусым 2021, 15:54

Қазнетте ұшу кезінде ұлыбританиялық British Airways әуе компаниясының төрт ұшқышының қайтыс болғаны туралы жаңалықты тарап жатыр. Желіде тараған
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Қазнетте ұшу кезінде ұлыбританиялық British Airways әуе компаниясының төрт ұшқышының қайтыс болғаны туралы жаңалықты тарап жатыр. Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, олар COVID-19 қарсы вакцина салдырған және соның салдарынан қайтыс болған, - деп хабарлайды Stopfake.kz.

Портал мәліметінше, бұл - жалған ақпарат.

Бұл теорияның дәлелі ретінде пайдаланушылар Twitter-дегі хабарламаның скриншотын ұсынады. Онда әуе компаниясының ресми өкілдері қызметкерлердің қайтыс болғанын растайды. Бірақ бұл хабарлама контекстен алынған.

Шын мәнінде, бұл твит пайдаланушылардың бірі жариялаған аудио жазбаға жауап болған, онда ер адам өзінің танысы - British Airways ұшқышы оған егілген әріптестерінің ауада жаппай өліп жатқанын және компания басшылығы СOVID-19-ға қарсы вакцинацияланған адамдарға ұшуға тыйым салу туралы шұғыл дағдарыстық келіссөздер жүргізуде деп айтқан.

"Өкінішке қарай, жақында біздің пилоттық қоғамдастықтың төрт мүшесі қайтыс болды. Олардың отбасыларымен, достарымен бірге қайғырамыз. Алайда, әлеуметтік желілерде айтылғандай төрт өлімнің бір-бірімен байланысы бар деген пікірлер шындыққа жанаспайды", - делінген British Airways Twitter-дегі жауабында.

Ұшқыштардың өлімінің ресми себептері хабарланған жоқ. Сондай-ақ, олар COVID-19-ға қарсы вакцина алды ма, жоқ па, бұл туралы да айтылмаған. Қайтыс болғандардың бірі бұған дейін COVID-19 өте ауыр түрімен ауырғаны және 243 күн бойы ауруханада жатқаны белгілі, біраз уақыт комада болған. 

Дәрігерлердің айтуынша, ауру жалпы денсаулығына және көптеген ішкі органдары қатты әсер еткенін айтады. Ұшқыштың қайтыс болғанға дейін егілгені туралы хабарланған жоқ. British Airways әкімшілігі өлімдер арасындағы байланысты және компания вакцинацияланған ұшқыштарды рейстерге жіберуден қорқатынын жоққа шығарды.

Ұлыбританияның дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды реттеу агенттігі (MHRA) де вакцинацияланған ұшқыштарға ұшуға тыйым салу туралы шұғыл келіссөздер жүргізіліп жатқандығы туралы қауесетті растаған жоқ.

"Біз British Airways ұшқыштарының COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін қайтыс болғаны туралы білген жоқпыз және BA немесе басқа әуе компанияларымен COVID-19 қарсы вакцинациядан кейін ұшқыштардың ұшуына қалай тыйым салу керектігі туралы мәселені талқыламадық", - деді ведомство өкілдері Reuters басылымына.

Сондай-ақ, компания да, басқа шенеуніктер де барлық ұшқыштардың әуеде қайтыс болғаны жайлы ешқашан айтқан емес.

Осылайша, British Airways қызметкерлерінің вакцинация салдарынан қайтыс болғаны туралы хабарламалар манипуляция болып табылады. Компанияның төрт ұшқышының көз жұмғаны арс, бірақ олардың өлімінің себептері мен вакцинация мәртебелері жайлы айтылған жоқ. Марқұмдардың бірі СOVID-19 жұқтырып, өте ауыр өткергені белгілі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!