Қазнетте вакцинация үшін ұтыс ойнату қызу талқыланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнетте вакцинация үшін ұтыс ойнату қызу талқыланып жатыр

Қазнетте халықты коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақыру науқаны қызу талқыланып жатыр. Әкімдіктердің вакцина алғандар арасында шетелге жолдама мен пәтер ойнайтыны туралы соңғы жаңалықтар Желіде әзілге айналды. Оның ең танымалдарын Tengrinews.kz тілшісі жинап шықты.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазнетте халықты коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақыру науқаны қызу талқыланып жатыр. Әкімдіктердің вакцина алғандар арасында шетелге жолдама мен пәтер ойнайтыны туралы соңғы жаңалықтар Желіде әзілге айналды. Оның ең танымалдарын Tengrinews.kz тілшісі жинап шықты.

Бұған дейін Нұр-Сұлтан мен Маңғыстау облысында вакцина алғандардың пәтер ұтып алу мүмкіндігі бар екені хабарланған болатын.

Кейін Алматы аудандарының бірінде БАӘ-ге жолдама ойнатылатыны айтылды. Сондай-ақ, бұған дейін вакцина салдырғандар арасында смартфондар мен тұрмыстық техника ойнатылған болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Lé Shapalaque Comics (@shapalaque)

Бұл әдіс бүкіл әлемде қолданылып жатыр. Мысалы, Нью-Джерси губернаторы Фил Мерфи вакцина салдырғандарға бір стақан сыра таратуға уәде берген. АҚШ-тағы Огайо штаты лотерея аясында миллион долларға дейін ақша ойнатуды жоспарлаған.

Алайда қазақстандық Желі қолданушылары ерікті түрде вакцина салдырғаны үшін дөнер алу мүмкіндігін жоғары бағалаған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от «ҚАЗАҚПЫЗ ҒОЙ» (@qazaqpyz_goi)

Бірақ Желі қолданушылары биліктің вакцинацияға шақыру үшін осы әдісті таңдағанына қуанышты. Себебі, әлеуметтік желілерде бұдан бөлек бірнеше нұсқа айтылған әзілдер тарап жатыр.

 

Бүгінде әлемдегі бүкіл елдің Денсаулық сақтау министрлігі азаматтарды вакцинацияға белсенді түрде қатысуға шақырып жатыр. Бұл да Желі қолданушыларының назарынан тыс қалмаған.

 

Айта кетейік, өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының 1686 жаңа жағдайы тіркелгені хабарланған болатын. Сонымен қатар, бірден үш өңір "сары" аймаққа өткені айтылған еді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети