08 қыркүйек 2023 14:03

"Қазпошта қызметкерлерінің жалақысы 20 мың теңге" Болат Жәмішев пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болат Жәмішев. Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Болат Жәмішев. Сурет ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

"Қазпошта" компаниясының кейбір қызметкерлері ауылдарда айына 20 мың теңгеге жұмыс істейді. Бұл ақпарат Ұлттық пошта операторының жұмысы талқыланған "Самұрық-Қазына" АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Қазпошта" компаниясының кейбір қызметкерлері ауылдарда айына 20 мың теңгеге жұмыс істейді. Бұл ақпарат Ұлттық пошта операторының жұмысы талқыланған "Самұрық-Қазына" АҚ Қоғамдық кеңесінің отырысында белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазпошта" басшылығының мәліметінше, мекемеде 4 мың қызметкер толық емес жұмыс күнімен жұмыс істейді, оның мөлшері ауылдық жерлерде орта есеппен 0,2. "Самұрық-Қазына" қоғамдық кеңесінің төрағасы Болат Жәмішев бұл 20 мың теңге екенін айтты.

"Компанияда ең төменгі жалақы 96 мың теңге деп хабарлағанда, қызметкерлер толық емес жұмыс күніне (0,2 ставка - еск.) 20 мың теңге алады, бұл оның жалғыз жұмысы, ауылда басқа жұмысы жоқ. Бұл оның 20 мың теңгеге жұмыс істейтінін білдіреді. Менің ойымша, егер сізде толық емес жұмыс күнінде жұмыс істейтін адам көп болса, онда басқа технологияларды енгізу керек. Ауылда басқа жұмыс жоқ екенін пайдаланып, тіпті ең төменгі жалақы емес, 20 мың теңге ғана ұсынғанша оларды жұмыстан босату керек. Меніңше, мұны қайта қарау керек", - деді Жәмішев.

"Қазпошта" басқарма төрағасы Әсел Жанасованың айтуынша, былтыр компанияның ауылдық бөлімшелердің шығыны 15,4 миллиард теңге болған. Газеттер, журналдар мен жазбаша хат-хабарларды жеткізу жыл сайын орта есеппен 17 пайызға қысқарады, өйткені көптеген басылым әлеуметтік желі арқылы жұмыс істейді.

"Тіпті бір ғана газетті жеткізу керек болса, біз көлік жібереміз", - деді Жанасова.

Еске салайық, 2024 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңгеге дейін өседі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети