ҚазҰУ есепшілеріне 120 миллион теңге жымқырды деген күдік келді

30 Маусым 2015, 11:32
0
ҚазҰУ есепшілеріне 120 миллион теңге жымқырды деген күдік келді - © Ярослав Радловский
© Ярослав Радловский

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің есепшілеріне 120 миллион теңге жымқырды деген күдік келді, - деп хабарлайды "Алматы" телеарнасы. Алдын ала мәлімет бойынша, ұрланған ақша университет түлектерінің төлеген оқу ақысы.

Оқиға туралы студенттер айтып берді. Олардың айтуынша, ақшаның ұрланғанына байланысты жүздеген студент диплом ала алмай отыр. "Бізге құқық қорғау органдарына хабарласуға тыйым салды. Студенттерден оқу ақысын екінші рет төлеуді сұрап отыр. Сессияға жібермеді", - деді білім мекемесінің 4-курс студенті.

Студенттер полицияға арыз жазды. Ішкі істер департаментіне 191 арыз келіп түскен. Студенттердің айтуынша, жәбірленген студенттердің саны одан да көп. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері есепшілердің бірінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтты. "Жазылған арызға байланысты әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің есепшісі Б. Нұрланға қатысты қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-тармағы бойынша іс қозғалды. Соталды тергеу жұмыстары полиция капитаны Нұрмакинге тапсырылды", - деді ведомство өкілдері.

Телеарнаның мәліметінше, қазір ҚазҰУ-дың төрт есепшісі ұсталған. Олардың барлығына ірі көлемде қаражат жымқырды деген айып тағылды.

 

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай