Келісімге келу қиындап бара жатыр - Назарбаев әлемдік шиеленістер жайлы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі тұрақсыз жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев әлемдегі тұрақсыз жағдайға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Бұл форум осымен 11-ші рет әлемдік экономикадағы, инвестициядағы және инновациядағы ең маңызды мәселелерді талқылайтын алаңға айналып отыр. Былтыр өткен форумда біз әлемдегі ірі өзгерістерге куә болдық. Жаңа текетірестер, конфронтациялар. Келісімге келу қиындап бара жатыр. Бұл әлем бойынша ең қиын уақыт болып тұр. Сондықтан осы қиындықтарға қатысты мәселелерді объектив талқылау өте маңызды. Бұл бар адамзат үшін маңызды. Осыған байланысты осы форум жаһандық проблемаларға тиімді жауаптар табуға бағытталды", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Астанадағы экономикалық форум барысында.

"Қайшылықтар мен даулар үнемі болып тұрады. Бірақ бүгінде шиеленісушілік одан әрі үдеп барады. Ол дегеніміз біздің өркениет өзгеріп жатыр дегенді білдіреді. Мұндай трансформациялар тарихта көп болды", - деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы бүгінде уақыттың өте тығыз екенін айтып өтті.

"Әлем адам ойлап көрмеген жылдамдықпен өзгеріп жатыр. (....) Болып жатқан процестерді объектив деп айтуға болады, мұның барлығы жаһандық өзгерістермен байланысты", - деді Президент.

Айта кетейік, бүгін Астанада экономикалық форум өтіп жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев 72 жасқа толды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 511.63  course up  576.01  course up  6.36  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer